Қосылмалар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қосылмалар — сөзді морфемалық тұрғыдан бөлшектегенде, негізгі морфемаларға қосылып, түбір сөзге неше түрлі грамматикалық мағына үстейтін тұлғалар. Ондай грамматикалық тұлғалар іштей қосымшалар және қосалқылар болып екі топқа бөлінеді. Бұрынғы зерттеулерде қосылмалар сөзді түбірлер мен қосымшалар деген екі жікке бөлгенде жеке аталып келді. Қазір сөзді морфемиканың негізінде морфемалық тұрғыдан талдағанда, қосымшалар деген ұғымға қосалқылар сыймай қалады. Қосалқылар — өз алдына жеке сөз ететін грамматикалық тұлғалар.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify