Қостөбе (Солтүстік Қостөбе)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қостөбе (Солтүстік Қостөбе) - ежелгі қоныс орны, орта ғасырлық қала. Шәуілдірден оңтүстікке қарай 5 км жерде, Арыс өзенінің кеуіп кеткен сағасының сол жағалауында. Алғаш рет 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы(жетекші А.Н.Бернштам) тапқан. 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының отряды (жетекші К.Байпақов) зерттеген. Қазіргі орны төртбұрышты келген төбе. Табанының аумағы 60x40 м, биіктігі 5 м. Төбенің үстінде аумағы 30x10 м төбешік-алаңқай бар. Төбенің солтүстік-шығыс жағында үшбұрышты келген төбешік-алаңқай орналасқан. Оның ені 80 м, ұзындығы 100 м шамасында, ал биіктігі 1,5-3 м аралығында. Аумағы 5x8 м болатын қазба жұмысы төбенің үстінде жүргізілген. Қазба барысында дәліз секілді ұзынша бөлме орны аршылған. Оның едені саз балшықпен сыланғаны анықталды. Зерттеу кезінде күнделікті тұрмысқа кажетті заттар сынықтары (хум, саптаяқ, тостаған, тұтқалары бар құмыра, табақ, көзе, саптыаяқ сынықтары, т.б.) табылған. Алынған материалдар негізінде Қостөбені Отырар - Қаратау Мәдениетін қалдырған тайпалар мекендегені (б.з. 1-5 ғасырлары) айқындалды. Олар егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Байпаков К.М., Шарденова З.Ж., Перегудова С.Я., Раннесредневековая архитектура Семиречья и Южного Казахстана на Великом Шелковом пути, А., 2001.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қостөбе (Солтүстік Қостөбе)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}