Қосты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:ТауҚосты - Тарбағатай жотасының орта бөлігіндегі асу.

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жеріде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 2343 м. Беткейлік шайылумен бірге бойлық бағытта эрозия әрекеттері дамыған. Асудың солтүстігінен Терісайрық, оңтүстігінен Сарыемел өзендерінің салалары таудың биік белдеулерінен бастау алады. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, қырлы жоталарға ұласады. Маусым-қазан айларында салт атты адам өте алады.

Өсімдігі

Асу бойында қайың мен көк теректен тұратын шағын орман кездеседі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер