Қостарамды сұйықтың қозғалмалылығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қостарамды сұйықтың қозғалмалылығы. Сұйық тарамдарының белгілігі бір қатынасы жағдайында үш түрлі параметрлермен сипатталатын қойнауқаттың сұйықтардың (мәселен мұнай мен судың) қозғалмалылығы. Аталған параметрлер:
- 1) мұнайдың тарамдық қозғалмалылығы, ол мұнайдың тарамдық өтімділігінің қойнауқаттың мұнай тұтқырлығына қатынасымен сипатталады;
- 2) судың тарамдық өтімділігінің қойнауқаттың су тұтқырлығына қатынасымен сипатталатын қозғалмалылығы;
- 3) аталған екі қатынастардың жиынтығы болып табылатын мұнай мен су қоспасының қозғалмалылығы.<ref name=s1>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.</ref>
Дереккөздер
<references/>