Қоспаларды бөлу және заттарды тазарту тәсілдері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қоспалардың құрамына және қасиетіне қарай әр түрлі бөлу әдістері қолданылады.

Біртекті қоспадан заттарды бөліп алу үшін қайта кристалдандыру, айдау, хроматография әдістері қолданылады.

Қатты заттарды тазарту үшін қайта кристалдандыру әдісі пайдаланылады. Ол үшін тазартылатын зат жаксы еритін еріткішті таңдап алып, қоспаны қайнатып ерітеміз. Сонда ерітінді қаныққан болады да, негізгі тазартатын заттың кристалдары ерітіндіні суытқанда біртіндеп шөге бастайды, ал аз мөлшердегі қоспалары ерітіндіде қалады. Осылайша тазарту әдісі қайта кристалдандыру деп аталады. Тазалық дәрежесін арттыру үшін осы үрдісті бірнеше дүркін кайталауға болады.
Сурет:Magnitpen kospadan bolu adisi.JPG
Магнитпен қоспдадан бөлу әдісі
Айдау әдісі сұйық заттарды тазарту үшін колданылады, ол қоспаның құрам бөліктерінің қайнау температураларының айырмашылығына негізделген. Сұйық затты қыздыру арқылы буға айналдырып, қайтадан суытқанда, ол сұйықтыққа айналады (конденсацияланады), Бұл әдіс айдау (дистильдеу) деп аталады. Мысалы, мұнайды айдау арқылы әр түрлі мұнай өнімдері (бензин, керосин) алынады.

Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу институттарында, өндірістік зертханаларда хроматография әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс бір заттың басқа зат бетінде әр түрлі жылдамдықпен сіңірілуіне негізделген.

Тығыздықтары әр түрлі өзара ерімейтін сұйыктықтардан тұратын коспаны бөлгіш кұйғы аркылы бөлуге болады; тығыздығы үлкен сұйықтык құйғының төменгі бөлімінде, ал тығыздығы төмен сұйықтык жоғары бөліміне жиналады. Құйғы тиегін ашып, сұйықтықтарды жеке құйып алады.

Әртекті қоспадан заттарды бөліп алу үшін тұндыру және сүзу әдістері қолданылады. Суда ерімейтін тығыздықтары әр түрлі заттардан тұратын коспаны бөлу тұндыру аркылы жүзеге асырылады. Мысалы, лай суды ұзақ, уақытқа қойып қойғанда саздың бөлшектері біртіндеп тұнады. Сүзу әдісі де қатты затты ерітіндіден бөліп алуға мүмкіндік береді, ол үшін сүзгі қағазы (фильтр), құйғы және шыны таяқша қажет. Кейбір магнитке тартылатын металдарды (ферромагнитті) қоспадан магнитпен бөліп алуға болады
.

Тазартылу дәрежесіне қарай заттар «таза», «аса таза», «химиялық» және «анализдік таза» деген сұрыптарға бөлінеді. Тазалық дәрежесі өте жоғары заттар дәлдігі аса жоғары тәжірибелерде қолданылады. Заттардың тазалық дәрежесін білудің ғылым мен техника үшін маңызы зор. Химиялык заттың тазалык дәрежесі массалық үлеспен, өрнектеледі.<ref>Химия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. –Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN9965-34-887</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Chem-stub