Қорғаныш қаптама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қорғаныш қаптама<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> - металдан жасалған бұйымдар мен құрылыс материалдарын (ғимараттарды, т.б.) жемірілуден (коррозиядан, тотығудан, газ сіңуден, т.б.) қорғау үшін олардың сыртқы бетін қаптайтын заттар. Қорғаныш қаптама қолданылуына байланысты металл қаптама, лак-бояулық, эмальдық, резеңкелік, пластмассалық қаптама, т.б. болып бөлінеді. Металл қаптама мырыш, алюминий, қалайы, хром, алтын, күміс, т.б. металдар мен олардың қорытпаларынан (қола, жез, т.б.) дайындалады. Оның протекторлық қасиеті бар болғандықтан гальваникалық әдіспен не балқытылған металды тозаңдату арқылы жағады. Мырыш (қалыңдығы 30 микрометрге дейін), никель (15 микрометрге дейін), хромнан (20 микрометрге дейін) жасалған не аралас материалдан дайындалған қаптамалар атмосфера коррозиядан сақтайды. Лак-бояулық қаптама металдарды қорғаумен қатар оған әдемі өң береді. Оның пайдалану мерзімі 1 – 2 жылдан 10 – 15 жылға ұзарады. Пластмассалық қаптама жасау үшін винипласт (қалыңдығы 0,5 – 1 миллиметр), пластикат (1 – 3 миллиметр), пластификацияланған поливинилхлорид (2 – 3 миллиметр) пайдаланылады. Олар қышқыл мен сілтілердің әсерлеріне төзімді келеді. Эмальдау – металдан жасалған материалдардың (болат, шойын) бетіне мөлдір емес түссіз не боялған шынының бір немесе бірнеше жұқа қабатының балқымасын жағу арқылы жасалады. Резеңкелік қаптамалар (гуммирлеу) қышқылдар мен негіздердің әсерінен химиялық аппаратураларды қорғау үшін қолданылады. Қолайлы жағдайларда оның төзімділігі 7 жылға дейін сақталады. Бейорганикалық, оксидті, т.б. қорғаныш қаптамалар металдарды оксидтеу, хроматтау, силицирлеу, фосфаттау арқылы алады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қорғаныш қаптама|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}