Қорғанбек Бірімжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Қорғанбек Бірімжанов (1859, бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезі, Бестоғай ауылы – 1919, сонда) – Орта Жүзге белгілі билердің бірі.

Өмірбаяны

Шақшақ Жәнібектің ұрпағы, Шеген бидің немересі. Орынбор бекінісіндегі мектепте оқыған.

1877 жылы Торғай губерниясы қазақтарының құрамында Санкт-Петербург қаласында болып, 1873 және 1877 жылдары күміс медальмен, 1880 жылы Қызыл Крест қоғамының белгісімен марапатталған.

Бірімжанов халық ауыз әдебиетінің білгірі, шешен де болған.

1919 жылы сәуірде Торғай облысының әскери комиссары Амангелді ИмановтыАлаш” басшыларымен татуластыруға қатысқан. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қорғанбек Бірімжанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}