Қорытынды

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қорытынды Ғаламшарымыздағы бүкіл тірі ағзалар сияқты адам да жасушалардан тұрады. Жасуша дегеніміз - тыныс ала алатын, қоректене алатын, көбейе алатын т.б. тірі ағзаның ең кішкене бөлшегі. Жасушада үш бөлік: қабық, ядро және цитоплазма болады. Жануарлар және адам жасушаларында жасуша қабығы тек қана сыртқы (плазмалық )жарғақшадан тұрады, ал өсімдіктерде жарғақша үстінде қатты «жасуша қабырғасы» болады. Цитоплазма - жасушаның тұтқыр, сұйық бөлігі, онда органоидтар жүзіп жүреді. Органоидтардың әрқай-сысының өзіндік ерекше құрылысы болады және белгілі кызмет атқарады. Плазмалық жарғақша жасушаны қорғау қызметін атқарады және оны қоршаған ортадан бөліп тұрады. Жарғақшаның өзі аркылы тек қана белгілі заттарды өткізуі «талғамды өткізгіштік» деп аталады. Бұл - оның пайдалыларды өткізіп, зиянды немесе қажетсіз заттарды айырып ала алу қасиеті.

Ядро - жасуша тіршілігін басқарады. Оны қос жарғақша цитоплазмадан бөліп тұрады, ал ішіне ядро сұйықтығы толы болады. Ядрода ядрошықтар және хромосомалар (адамда 46 дана) жүзіп жүреді. Хромосомалар ДНҢ-дан тұрады, хромосомалардың шағын үлескілері (кішкене кесектер) гендер деп аталады. Тендер мен хромосомаларда ұрпақтарына ата-бабаларынан берілетін тұқымқуалау белгілері «жазылады». Адамның ядросы жоқ жасушалары (эритроциттер, тромбоциттер) ұрпақ жаңғырта және еншілес жасушалар түзе алады.

Центроилдар (жасушалық орталык) дегеніміз - еншілес жасушаларға бөлінген хромосомалардың біркелкі бөлініп таралуына жауапты органоид. Бұл органоид тек қана жануарларда болады.

Рибосомалар дегеніміз - нәруыздарды синтездейтін кішкене органоидтар. Рибосом цитоплазмада және «будырлы ЭПТ» жарғақшасында өте көп.

ЭПТ (эпдоплазмалық тор) дегеніміз - бұл цитоплазмадан бір жарғакшамен бөлінген түтік түріндегі органоид. ЭПТ жасуишішілік тасымалды және заттар синтезін (түзілуін) жүзеге асырады. Оның екі түрі болады. Егер ішінде рибосомалар болмаса - ол «тегіс ЭПТ». Оның ішінде майлар мен көмірсулар түзіледі. Егер оның ішінде жарғақшаға рибосомалар бекінсе, онда бүл «бүдырлы ЭПТ» болады, мүнда нәруыздар түзіледі.

Гольджи жиынтығы құрылысы және атқаратын қызметі бойынша тегіс ЭПТ-га ұқсас. Ол ядро және центриолға жақын орналасады. Атқаратын қызметтері: заттарды тасымалдау және бөліп шығару, күрделі заттарды өзгерту.

Лизосомалар - цитоплазмадан бір жарғақшамен бөлінген сақ көпіршіктер. Олар тағамды, микробтарды немесе зиянды заттарды қайтадан қорытады (ыдыратады).

Митохондриялар - жасушаның энергетикалық «стансасы». Олар екі жарғақшадан тұрады. Мұнда өттегінің көмегімен нәруыздардан, тағам майлары мен көмірсуларынан энергия өндіреді. Бұл - тынысалу және асқорытудың соңғы кезеңі.

Адам (және жануарлар) жасушаларының өсімдіктерден айырмашылығы жасушасында вакуоль, пластидтер (хлоропластар) жәнө жасушалық қатты қабырға болмайды. Жасушалардың барлығы қажетті заттарды (тағам, оттегі) сіндре және қажетсіз заттарды (көмірқышқыл газ, су, несепнәр) бөліп шығара алады. Бұл қасиет «зат алмасу» деп аталады. Жасуша нәруыздардан, майлардан және көмірсулардан энергия алып, өзіндік зат (биосинтез) түзеді. Біздің әрбір жасуша және бүкіл дене өзіндік нәруыздардан, майлардан және көмірсулардан құралады. Адам ағзасының өсуі дегеніміз - бұл оның жасушаларының өсуі және көбеюінің және соларда синтезделген нәруыздар, майлар және көмірсулар массасының арту нәтижесі. Еншілес жасушалардың саны кемімеу үшін жасуша көбейген сайын хромосомалар екі еселенеді. Жасушалардың және ағзалардың ортақ қасиетінің қор-шаған орта өзгерісін ажыратуы және соларға орай әрекет етуі тітіркенгіштік (қозғыштық) деп аталады. Құрылысы, атқаратын қызметі және шығу тегі бойынша ұқсас жасушалар туптектерге (ұлпаларға) бірігеді. Адамда (және жануарларда түптектер төрт типке: эпителийлік, бұлшықеттік, жүйкелік және дәнекерлік типтерге бөлінеді. Түптек типтерінің барлығы жасушалардан және соларды қоршаған жасуша аралық заттардан тұрады. Түптектер типінің өрқай-сысының өзіне төн ерекшеліктері бар. Жүйкелік типтен басқа типтер тармақтарға бөлінеді.

Эпителийлік түптектің жасушааралық заты онша көп емес, сондықтан жасушалар біріне-бірі тығыз қысылып жабысады да, зақымза дану соңынан тез көбейе алады (регенерация). Эпителий атқаратын қызметі бойынша үш тип тармағына: жабындық, безді және кірпікшелі тип тармақтарға бөлінеді. Жабындық эпителий дегеніміз — бұл тері және сілемейлі қабықшалар: көз, мұрын, қарын мен ішек қуыстарының және т.б. үстіңгі қабаты. Оның көпқабатты (тері, сілемейлі ауыз) немесе бірқабатты (бүйрек өзекшелері) болуы мүмкін. Оның негізгі атқаратын қызметі қандай да бір заттарды (сілекей, жас, тер, без және т.б.) белу және биосинтез. Кірпікшелі эпителийдің кірпікшелі кебісшедегідей кірпікшелер түрінде өскіндері болады. Ол ауатарату жолдарында орналасады. Кірпікшелер қимылдап, тынысалу мүшелерінен қатты бөлшектерді (тозаңды) аластайды.

Бұлшықеттік түптек созылған жасушалардан (талшық) — миоциттерден тұрады. Миоциттер өседі, бірақ тек қана зақымдану (жарақат) соңынан көбейеді. Бұл жасушалар жиырыла алады. Бұлшықеттердің жиырылуы арқасында қозғалысты қамтамасыз етеді. Жиырылу соңынан бұлшықеттік жасушалар қажиды. Бұлшықеттер жасушаларының құрылысы біркелкі емес, олардың екі: тегіс салалы (біркелкі қызғылт түкті) және көлденеңжолақты тип тармақтары болады. Тегіс салалы бұлшықеттер ішкі қуыс мүшелер: қарын, ішек, куық, ірі тамырлардың және т.б. жиырылуын қамтамасыз етеді. Олардың жасушалары біркелкі, едәуір өлсіз, бірақ ұзақ мерзімде қажымайды. Көлде-неңжолақты қаңқа бүлшықеттері сүйектерге бекініп, дене қимылын (қол, аяқ және т.б.) қамтамасыз етеді. Жүрек ерекше көлденеңжолақты бұлшықеттерден тұрады, оның жасушалары біріне-бірі тұтасып кеткендей болып байқалады.

Жүйке түптегінде тип тармақтар болмайды. Жүлын және ми, сон-дай-ақ ағзадағы барлық жүйкелер жүйке түптегінен құралады. Жүйке түптегінің екі түрлі жасушасы бар. Нейрондар - жүйке түптегінің ерекше жасушалары. Нейроглияның (жүлдызшалы немесе серіктері) қосалқы жасушалары едәуір көбірек. Желімді жасушалар нейрондарды қорғайды, оған демеу болып, қоректендіреді. Нейрондар «жүйкелік қозу толқындарды» (өлсіз электр тоғын немесе биологиялық әлеуетті) туғызып, оның әсеріне жауап бере алады. Олар сондай-ақ жүйкелік қозу толқындарын - өткізгіштікті табыстай алады. Нейрондардың өрқайсысы денеден және өсінділерден тұрады. Тармақталған қысқа өсінділер - дендриттер козу толқынын, жасуша денесіне өткізеді. Ал кабықшадағы бір ұзын жасуша денесінен ақ зат құралады, ал аксондар - ақ зат. Жүйке жасушалары көбеймейді, алай-да өседі және «тармақтала» алады. Жасушалардьщ өзгерістер әсеріне жауап бере алу қасиеті қозғыштық деп аталады. Безді эпителий (сілекей бөлу), жүйкелік (козу толкындарын өндіретін) және бұлшықет (жиырылу) түптектері қозғыш болып келеді.

Дәнекер түптегі - ең алуан түрлі түптек. Дәнекер түптектің тип тармақтарының жасушааралық заттары өте көп болады. Осы заттың қасиеттеріне байланысты түптек сұйық болып келеді. Мысалы, қан және лимфа. Сүйек түптегі - қатты дәнекер түптек, оның тірі жасушалары остеоциттер (сүйек жасушалары) деп аталады. Май түптегі - кеуекті дөнекер түптек. Байламдар, сіңірлер, қантарату тамырла-рының негізі және өзектер - тығыз дәнекер түптек.

Түптектерден мүшелер түзіледі. Мүше дегеніміз - бұл өз орны, құрылысы және қандай да болса қызмет атқаратын ағза бөлігі. Мүшелердің көпшілігі түптектердің әр түрлі типтерінен тұрады, дегенмен олардың біреуі басым болады. Мүшелер атқаратын қызметі бойынша жүйелерге бірігеді.<ref>Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub