Қорымды (асу, Күнгей Алатау)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау Қорымды - Күнгей Алатау жотасының орта бөлігіндегі асу.

Географиялық орны

Алматы облысы Райымбек ауданы және Қырғызстанмен шекаралас жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3174 м.

Жер бедері

Беткейі тік жарқабақты, биік шатқалды келген. Солтүстігінен Кеңсу өзені бастау алады.

Өсімдігі

Тау беткейлерін альпілік және субальпілік шалғындар көмкеріп жатыр, одан төменде қарағай, қайың ормандары өскен. Мамыр-қазан айларында асудан салт атты адам өте алады. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер