Қорымды (асу, Бақай тауы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау Қорымды - Бақай тауының (Бақайдың тауы) батыс бөлігіндегі асу.

Географиялық орны

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Таусүгір ауылының оңтүстігінде 21 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3214 м.

Жер бедері, өсімдігі

Солтүстігінен Қаратұрық, оңтүстік беткейінен Асы өзендерінің салалары бастау алады. Асудан сәуір-қараша айларында салт атты адам өте алады. Тік жарқабақты келген биіктік белдеуін альпілік және субальпілік шалғындар көмкеріп жатыр. Төмен қарай, қайың ормандары өседі. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер