Қорларды қайтадан есептеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қорларды қайтадан есептеу. Мұнайдың, жанғыш газдың және конденсаттың қорлары жайлы мәліметтерді жаңадан нақтылау, сөйтіп бұл материалдарды қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның бекітуіне қайтадан тапсыру. Мұндай шара екі жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін:

  1. бұрынырақ қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен кенді бағалау жайлы алғашқы мәліметтер оны одан әрі барлау және игеру барысында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жағдайда;
  2. кен қорын қорлар жөніндегі комиссия бекіту барысында оны игеру мүмкіндіктері жайлы нақтылы шешім қабылданбай, бұл мәселеге кейінірек оралған жағдайда.

Мұнай көлемін қайта есептеу коэффициенті

Мұнай қорын көлемдік әдіспен есептеу барысында қолданылатын, сол мұнайдың көлемдік коэффициентіне қарама-қарсы мөлшер. Бұл мөлшер қалыпты жағдайда іріктелген мұнай көлемінің сол мұнайдың қойнауқаттың жағдайдағы көлеміне қатынасымен өлшенеді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}