Қоректендіру алқабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қоректендіру алқабы. Қойнауқаттық сулардың қозғалысын туындататын қысымдардың пайда болу алқабы. Сүзбелеуші табиғи суарынды жүйеде мұндай алқаптар рөлін сол жүйенің ең биік гипсометрлік нүктелерде жер бетіне шығатын бөлігі атқарады, бұл өңірде атмосфералық және жерүсті суларының өтімді қойнауқаттарға қарай сүзбеленуі және гидростатикалық қысымның қалыптасуы жүзеге асады. Элизиондық сугіректі жүйелердегі қоректендіру алқабы рөлін сол жүйенің ең түсіңкі бөлігі атқаратын болады, бұл өңірде су қозғалыстары бастау алатын тегеурінді қысымдар пайда болады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}