Қопарылғыш шаң

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қопарылғыш шаң<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> - ауамен қоспасы жылу және толқындық соққы әсер еткен кезде тұтануға бейім шаң. Қопарылғыш шаң кен өнеркәсібі кәсіпорындарында кез келген маркалы (антрациттен басқа) көмір, жанатын тақтатас, күкірт және оның қосылыстарынан пайда болады. Шаңның қопарылғыштық дәрежесі қопарылғыш шаңды пайда болдыратын заттың түрлеріне, шаңның дисперсиялық құрамына, оны қыздыру кезіндегі ұшпа (жанатын) заттардың бөлінуіне, ылғалдылығына, күлдің үлестік мөлшеріне, т.б. байланысты. Қопарылғыш шаңның қопарылғыштығы дисперсиялық дәрежесінің көбеюінен арта түседі; қопарылғыштық қасиеттің негізгі тасушысы 0,075 миллиметрден төмен мөлшердегі фракциялар болып есептеледі. Қопрылғыш шаң бөлшегінің көлденең қимасының ең жоғары (максимал) мөлшері 0,75 – 1 миллиметр. Көмірдің қопарылғыш шаңының қопарылу температурасы 575 – 850 градус. Көмір шаңының 1 м3 ауадағы мөлшері 300 – 400 г/м3 болғанда ол ең жоғары қопарылғыштық мәніне жетеді. Қопарылғыш шаң концентрациясын әрі қарай 900 – 1000 г/м3-ге дейін жоғарылатқанмен қопарылғыштық айтарлықтай күшеймейді. Шаңның қопарылғыштық концентрациясы шахталарда қопарылыс жұмыстары кезінде және шаңды басатын құралдармен жабдықталмаған кен комбайндарының жұмыстары барысында пайда болуы мүмкін.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}