Қолүздік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мал сойысқанда, кілем тоқу, текемет басу, іс тігу сияқты қолмен атқарылатын жұмыстарға ауылдың қолы шебер еркек-әйелдері тікелей араласып, қол ұшын береді, жәрдемдеседі. Іс аяқталған соң отанасы осы жұмысқа қатысқандарға "қолүздік" деп аталатын кәде береді. Яғни атқарылған істен артық қалған ине-жіп, жүн-жұрқа, түбіт, тарамыс тағы басқа ұсақ-түйектер үлестіріледі немесе басқа да заттар береді. Бұл да ұлттық жарасымды кәде және ол әркімнің еңбегін бағалаудың қарапайым белгісі.

Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.