Қолдан сұрыптау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қолдан сұрыптау<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> – өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттары мен тұқымдарын шығару.
Қолдан сұрыптау нәтижесінде үй жануарларының қазіргі тұқымдары, және мәдени өсімдіктердің жаңа сорттары алынады. Қолдан сұрыптау теориясының негізін салған Ч.Дарвин (1859). Қолдан сұрыптау табиғи популяцияның оқшаулығына және адамға қажетті белгілері бар организмдерді жеке шағылыстыруға немесе будандастыруға негізделген. Ағылшынның мамандары, мысық, сиырға жүргізілген сұрыптаудың нәтижесінде етті, сүтті және сүтінің майлылығы жоғары, т.б. тұқымдарды шығарды. Қолдан сұрыптау екі негізгі формада жүргізіледі: жаппай және жекелей.
Жаппай Қолдан сұрыптау кезінде фенотипі бойынша тұқымдық немесе сорттық стандартқа сай келмейтін дарабастар жарамсыз болып қалады. Жекелей Қолдан сұрыптауда дарабастың тұқымдық және сорттық сапалы белгілері ескеріледі. Көптеген мутациялардың рецессивтілігіне орай және жаңа белгіні ертерек енгізу үшін де Қолдан сұрыптауда инбридинг әдісі қолданылады. Ұзақ уақытқа созылған бұл әдіс организмнің ұрпақ беру қабілеті мен геномның өзгерісін төмендетеді, оның нәтижесі гомозиготалы генотиптердің көбеюіне әкеледі. Бұл жағдайда мамандар бірнеше ұрпақтың инбридингінен кейін аутбридинг (туыстық емес шағылыстыру) әдісін жүргізеді. Мұнда әр түрлі гендер араласуы нәтижесінде организмнің гетерозиготалылығы артады. Бұл әдіс генетикалық әр түрлі популяциялар дараларын шағылыстыруға негізделген.

Пайдаланған әдебиетттер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қолдан сұрыптау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}