Қойнауқат табаны
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қойнауқат табаны 1. Геологияда яки стратиграфияда: қалыпты жағдайда астасқан тау жынысы қойнауқатының (қабатының) астыңғы жазықтығы. Синонимі — "төсеніш".
2. Taу-кен ісінде: пайдалы қазба қойнауқатының (желісінің, шоғырының т.б.) астыңғы өңіріндегі пайдасыз тау жынысытар. Синонимі - "төсеніш".