Қойнауқат анизотропиясы
Қойнауқат анизотропиясы - Жинауыш жыныстар өтімділігінің, олардың қат-қабатталу бағытында және оған перпендикуляр бағытта әр түрлі көрсеткіштермен сипатталу қасиеті. Бұл қасиет тау жыныстары бөлшектерінің бағдарлану ерекшеліктерінен және олардың дәнекерлену дәрежесінің түрліше болуынан туындай отырып, шоғырларды игеруде газ-мұнай жапсары мен газ-су жапсарының өзгеру жылдамдығына, теспелеу аралықтарының қашықтыңтарын таңдап алуға, ұңғыманың шектік мүмкіндікті өнімділігін (дебиттерін) тағайындауға әсерін тигізеді.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>
Дереккөздер
<references/>