Қозғалмайтын фазаның тасымалдауышы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ГСХ тасымалдауышы хроматографиялық процеске әсер етпеуі керек, оның жеткілікті меншікті беті (ауданы), беріктігі, қуыстарының біркелкі орналасуы, бөлшек өлшемі мен жүгіру қабілеті, қозғалмайтын сұйық фазаны адсорбциялауға бейімділігі, химиялық әрекеттесуге тұрақтылығы болуы керек. Мұндай тасымалдауыш ретінде диатомит - су өсімдіктері мен жәндіктерінің қалдықтарынан пайда болған тас сияқты шөгінді жыныс қолданылады. Бұл жыныстарды қышқылмен және сілтімен өңдеп, жоғарғы температурада күйдірсе, кремнийлі кеуекті тасымалдауыш шығады. Ол негізінен кремний және оның силикатты тұзынан тұрады. Сондай-ақ газ сұйықты хроматографияда төсеніш ретінде шыны микрошариктер, силикагелдер, отқа төзімді қыш бөлшектері, тефлон мен басқа да заттар қолданыла береді. Тасымалдауыш бөлшектері барынша ұсак және біркелкі болуы керек. Бөлшектердің қалыпты өлшемі қысқа шекте болуы керек, мысалы, олардың диаметрі 0,18-0,25 мм, 1,15-0,18 мм, сияқты. Түйіршіктер неғұрлым кіші болса, соғұрлым тасымалдауыш газдың қысымы жоғары болады.<ref>Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}