Қожахмет Қожықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Қожахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (1910, Перовск, қазіргі Қызылорда қаласы, — 10.09.1953, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, қазақтың тұңғыш кәсіптенген суретшілерінің, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, карикатурашы. 1926-28 жылдары ВХУТЕМАС - та оқыған. 1928 жылдан мерзімдік баспасөз беттерінен тұрмыстық және халықаралық тақырыптағы карикатураларымен танылды. 30- жылдары колхозшылардың науқандық еңбегін толғайтын "Егін орағы", "Газет оқу" атты шығармасымен және ауыл өмірін суреттейтін "Ал қызыл моншақты келіншек", "Ақынның (Жамбыл) толғанысы" атты картиналарын салды. "Жайлауда" (1948), "Кешқұрым" (1949), "Қызыл көш" (1950), "Шабындық" (1950), "Асы жайлауына барарда", "Құлынды бие" (екеуі де 1952) т.б. акварельдерінде халықтың тарихи революциялық өмір жолы, Кеңес өкіметі тұсындағы өзгерістер, Алатау бойының сұлу табиғаты көрініс тапты. Картиналарында нәзік сыршылдық басым.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Шәкірттері:

О.Таңсықбаев, Г.Ташбаев. Еңбектері Қазақтың көркемсурет галереясында, орталық музейде (Алматы), Қарақалпақ АКСР-ның бейнелеу өнері музейінде (Нүкіс), О.Таңсықбаев пен С.Қожықовтың жеке қорында сақтаулы. <ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub