Қожахмет Тышқанбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қожахмет Тышқанбаев (1916, Алматы облысы Панфилов ауданы - 1943) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант. 1942 жылдың қаңтар айынан майданның алдыңғы шебінде болды. 490-танкіге қарсы артиллериялық полктің (Солтүстік Кавказ майданы, 18-армия) зеңбірек нысанашысы сержант Тышқанбаев Керчь түбегінің Ельтиген кенті (қазіргі Керчь қаласы маңындағы Героевское кенті) маңындағы шайқаста ерекше көзге түсті. 1943 жылы 2 қарашада танк шабуылына тойтарыс беру кезінде, танкіні өзіне жақын келгенше күтіп, 5 танкіні жойды. Осы шайқаста қаза тапты. Ұрыстағы ерлігі үшін Тышқанбаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. Алматы облысы Панфилов ауданы Үшарал ауылында Тышқанбаевқа мемориалдық тақта орнатылған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қожахмет Тышқанбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}