Қожасай мұнай-газ конденсат кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қожасай мұнай-газ конденсат кен орны - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 240 километр жерде.


Батысында Жаңажол мұнай-газ конденсат кен орнымен түйіседі. Кен орны 1962-1963 жылдары сейсмикалық зерттеу нәтижесінде анықталған. Іздеу-барлау жұмыстары 1979 жылы басталды.

Геологиялық құрылымы

Тектоникалық жағынан кен құрылымы өлшемдері 184,5 километр, ендік бағытта созылған брахиантиклинальдік қатпарлы.

Жатыс сипаты

Коллекторы кеуекті-жарықшақты, карбонатты жыныстардан (әктас, доломиттенген әктас) құралған. Ашық кеуектілігі 9-дан 9,6%-ға дейін өзгереді, өткізгіштігі 0,173 мкм2. Бастапқы қабаттық қысымы 37,3 МПа, темпетаратурасы 73°С. Бастапқы шығымы: мұнай 39,2 м3/тәулік, газ 28,2 мың м3/тәулік. Тұрақты конденсат мөлшері 345 г/м3. Мұнайы жеңіл және ауыр (0,827 – 0,886 г/см3). Газ құрамы бойынша ауыр, құрамында этан, ауыр көмірсутек (20,5 – 31,8%), метан (55,5 – 72,8%) бар. Конденсаттың тығыздығы 0,753 г/см3. Кен орны өндірістік игеруге дайын. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер