Қожамұратов Есет Ысқақұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қожамұратов Есет Ысқақұлы1945 жылы 3 сәуірде Талдықорған облысы, Мұсабек ауылында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

  • 1964 жылы Семей облысы, Аягөз қаласында орта мектепті бітірді. Сол жылы Мәскеу полиграфия институтының машина жөндеу факультетіне инженер-механик мамандығы бойынша оқуға түсті.
  • 1970 жылы институт бітіргеннен кейін жолдама бойынша Алматыдағы №2 баспаханаға жұмысқа жіберілді. Еңбек жолын полиграфиялық құрал-жабдықтарды жөндеуші болып бастады. Кейін осы баспаханада құрал-жабдық және қауіпсіздік техникасы бойынша инженер болып тағайындалды.
  • 1971 жылы мамыр айынан 1972 жылға дейін Кеңес Әскері құрамында болды. Кейін №2 баспаханаға қайта оралып, цех механигі болып тағайындалды. *1972 жылы желтоқсанда Алматы облполиграфиздатына бас инженер болып ауыстырылды.
  • 1974 жылдың ақпан айында ҚазКСР Мемлекеттік баспа комитетінің Баспалиграфпромына аға маман болып тағайындалды. 1977 жылдың мамырынан 1979-дың қаңтарына дейін Алматыполиграфкомбинатында бас инженер қызметін атқарды. 1980 жылдың қаңтарына дейін «Кітап» өндірістік бірлестігінің бас директорының бірінші орынбасары болды.
  • 1980 жылдан 1992 жылдың мамыр айына дейін Мембаспакомның (Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігі) полиграфиялық өндіріс бас басқармасының бастығы, коллегия мүшесі.
  • 1992 жылдың мамыр айынан Мемлекеттік ұлттық банк баспасында 2000 жылдың аяғына дейін еңбек етті. Бұл кезеңде бағалы қағаздар шығаратын фабрика құрумен айналысты, тұңғыш ұлттық валютамыз – теңгенің жасалуына, енгізілуіне тікелей араласты. Болашақ банкнот фабрикасының технологиялық бөлігін жасаумен айналысты, оның орналасу жерін, құрылыс барысын бақылады, кадрлар даярлады, 1995 жылы кешен тұтас пайдалануға берілді.
  • 1995-2000 жылдары Банкнот фабрикасын басқарды.
  • 2001 жылдан «Дәуір» РПБКЖШС-да жұмыс істейді.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен, «Еңбек ері», «КСРО баспа үздігі» медальдарымен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}