Қаңқа қаласы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаңқа —Біздің дәуірімізге дейінгі төртінші ғасырда пайда болған сол шаһардың өз заманындағы аты. Ордабасы ауданында осы күні «От үйі», «Жуантөбе», «Таяқ салды» деп аталып жүрген үлкен төбе, яғни көне қаланың орны бар. Қала бұл жерге араб басқыншылары келген­ге дейін өмір сүрген. Тұрғындарының денін қаңлы тайпасы құраған. Айналасындағы 14 шақырымға созылған үлкен аумақты ескі мазарлар алып жатыр. Орталық әкімшілік ор­ны болған Қаңқа қаласы ІХ ғасырда Қараспанға көшірілген деген дерек айтылады.

Қаңқа қаласы жөніндегі деректер көне Қытай жазбаларын­да және Фердоусидің «Шахнамесінде» кезігеді. Бұдан екі мың жыл бұрын мұнда қаңлы мемлекеті болып, ол Қаңқа қаласынан басқарылған көрінеді. Ислам дәуірінен көп уақыт бұрын­ғы қаладан қалған ескерткіштер сол кездегі адамдардың пұтқа табынғанынан мәлімет береді. Ежелгі қаңқалықтар от, су, ауа және жерге табынған. Сондықтан өлген адамның денесін көм­беген, суға да ағызбаған, отқа да өртемеген. Денені құмыраға салып, оны қажет кезде беті ашылып-жабылатын етіп жерлеген. Яғни сүйекке топырақ тигізбеген. Тек бейсенбі күндері құ­мыраны ашып, өлген адамды еске алған және оған арнап иіс шығару дәстүрі жасалған. Осы күнгі бейсенбілік иіс шығару сол кездегі дәстүрден қалған. Қарахандардың арғы атасы Афрасиаб осы Қаңқадан шыққан деген дерек бар.

Қаланың айналасы түгел терең етіп қазылған ор. Жау кел­ген сәтте орға су жіберіледі екен. Ал судан жүзіп өтуге әрекет еткен жауға қала қорғанының үстінен жебе жаудыратын болған. Қаланың сыртында халық егіншілікпен және төрт түлік малмен айналысқан, қолөнер ошақтары, тас диірмендер жұмыс істеп тұрған. Сулы, нулы жердегі тіршілік өз заманына сай жарасымды өткен. Қыштан ыдыстар жасалған, тері өңделген, садақ тартатын әскер жаттықтырылған. Қаңқа қаласының биік төбеде болуының себебі, ертеде қала үстіне қала салу әдісі қолданылатын болыпты. Қазба жұмыстарын тереңдеткен сайын қала да көнере береді. Қала көптеген қабаттан тұрады, оның әр қабаты – бір-бір ғасыр. Қазба жұмыстары жүріп жатқан жерге бар­ған адам билеушілердің тұрағын, қызметкерлердің үйлерін, олардың тұрмыс-тіршілігін, ошақ­тарын,­ сұйық және құрғақ азықтарды сақтау әдістерін, жуыну­ға арналған қыш ыдыстарын оп-оңай көз алдына келтіре алады.­

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}