Қақпақ асуы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Alma-Kzl obl.svg
Алматы облысы
Қақпақ – Теріскей Алатауының солтүстік-шығыс бөлігіндегі асу.
Географиялық орны
Қазақстан (Алматы облысы Райымбек ауданы) және Қырғыз Республикасының шекарасында орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3482 м. Асуда жыл бойы мұздық пен қар жатады. Солтүстік беткейінен Үлкен Қақпақ, Тұйыққақпақ өзендері бастау алады. Қақпақ асуынан маусым – қыркүйек айларында салт атпен өтуге болады. Кең өзен аңғарлары жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар мен шыңдарға ұласады.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім</ref>