Қақпатас (көне қала)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қақпатас - ортағасырлық қала орны. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылының батыс жағында. Оны 1989 жылы ҚазҰУ-дың археологиялық экспедициясф (жетешісі М.Елеуов) ашып, зерттеген. Қазіргі орны батыстан шығысқа қарай созылған, аумағы 130x60 м, биіктігі 3,5 м төбешік. Зерттеу барысында құм, құмыра, көзе, т.б. сырланбаған қыш ыдыстар жинастырылды. Олар Қакпатасты адамдар 1 0 - 1 2 ғ-ларда мекендегенін дәлелдейді. Қакпатас тұрғындары егін егумен, мал шаруашылығымен айналысқан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify