Қағыс есту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қағыс есту. Сөз тіркесінің түсіндірме сөздіктегі мағынасы — анық емес, жаңылыс, басқаша есту болып түсіндірілген. «Әмірші қатты шошынды, қағыс естідім бе деп қалды» (Д. Досжанов, Жібек.). «Қағыс» түлғасы тілімізде кез келген сезбен тіркесе бермейді. Көбіне «есту» етістігінің алдында келеді. Кейде «қағыс қалу» болып та тіркеседі. Мұндағы «қағыс» сөзін «қаға берісте» тіркесімен өзгертуге болады да, ал «қағыс есту» тіркесіндегі «қағыс» ондай өзгеріске көнбейді.

Тілімізде кездесіп, әңгіме болып отырған «қағыс» сөзінің төркіні боларлық тұлғаны басқа түркі тілдерінен кездестіре алмадық. Алайда, түркі тілдеріне жақын, жуық саналатын тілдерден мына сөзді кездестіреміз: хагас — жарты, жартылай, шала (Қаз.-мон. сөз., 1977, 345) мағыналарында қолданылады. Моңғол тілінен ауысқан «хагас» сөзінің қазақ тілінде «қағыс» болып езгеріп, «есту» етістігімен тіркеске түсіп, қалыптасуына толық мүмкіндігі бар деп топшылаймыз. Өйткені «қағыс есту» орнына «шала есту», «жартылай есту» деген тіркестердІң қолданылуы тілімізде ұшырасып отырады. қадағалау. Мұқият бақылау, тәптештеп тексеру мағыналары орнына тілімізде осы кезде де қолданыла береді. «...ұдайы өз көзімен көріп, қадағалап отырады» (С. Аққошқаров, Бақыт.).

Түркі тілдері ішінде туваларда осыған сәйкес «кадагалар» тұлғасы кездеседі де, мағынасы — сақтау, қорғау дегенді білдіреді (Рус.-тув. сл., 1980, 555). Шамасы, бұл сөз оларға моңғолдардан ауысса керек. Себебі моңғол тілінде «хадгалах» тұлғасы да қазақ тіліндегі «сақтау» мағынасында қолданылады (Мон.-қаз. сөз., 1954, 2І51). Осы деректерге қарағанда сөз түбірі ертеден түркі-моңғол тобындағы тілдерге ортақ болып, кейінгі кездерде осы топтағы тілдердің әрқайсысы өзінше мағына бергендігі сезіледі. Бірақ ол мағыналар бірінен-бірі онша алыс кеге қоймаған. Жорамалымызды құптарлықтай тағы бір деректі хакас тілінен табамыз. Онда «хадаг» сөзі біздегі «күзетші» мағынасына нұсқайды (Хак.-рус. сл., 1953, 262). Қазақша «бақылау», хакас тілінде «күзету», шынында да, мағына бірлігін тудырып тұр. моңғол тува тілдеріндегі «хадгалах», «кадагалар» тұлғаларының берер мағынасы —«сақтау» да, «бақылау» мен «күзету»-ден жырақ кетіп тұрған жоқ. Бұл жерде әр нәрсенің сақталуы бақылау мен күзету нәтижесі екендігін еске алсақ болды.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}