Қаяз
Үлгі:Taxobox Қаяз (Үлгі:Lang-la) – балық, тұқы тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда 2 түрі: Арал қаязы (Luciobarbus brachycephalus) жөне болат-май қаязы (шырман) (Luciobarbus capito) бар. Болат-май қаязы екі түр тармағына бөлінеді: біреуі оңтүстік Каспийде (Қазақстан бөлігінде кездеспейді); екіншісі түркістан қаязы. Арал қаязынан ерекшелігі - ұзаққа өрістемейді, жергілікті (тұрғын) балық. Қабыршағы ірілеу, арқа қанаты кейін орналасқан және аумақтылау. Қазақстанда Сырдария су алабында, Шардара су қоймасынан өзеннің сағасына дейін, Қаратаудың оңтүстік-батысындағы өзендер мен Шу өзенінің жазық бөліктерінде кездеседі. Шуда, Кордай маңында, Қаяздың қара балықпен буданы бары белгілі. Оның түсі сарғышқа жақын – алтын сияқты. Әдетте Қаяздың арқасы бауырына қарағанда қоңырлау.Шабақтарында қоңыр дақ болады. Ұзындығы 70 см-ге, салм. 5,3 кг-ға дейін. Жыныстық жетілуі мекен ететін су айдынына байланысты 2-7 жас, көбіне 4-6. Уылдырығын (11.3-195 мың) судың температурасы 23°С болғанда өзендерде және су қоймаларындағы құмды, майда тасты жерлерге ша шады. Қорегі әр түрлі; барлық су өсімдіктері, көпшілік омыртқасыздардың дернәсілдері, ауада ұшатын ұсақ жәндіктер, моллюскілер, т.б. Яғни, олардың қорегі судағы қоректік қордың түрлік құрамына байланысты.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>
Тағы қараңыз
Дереккөздер</span>
<references/>