Қашқынов Жеңіс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қашқынов Жеңіс (Тоқырауын) (1942—2006) — 4 наурызда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы "Қуаныш" деген колхозда туған. 1964 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Алғашқы кезде республикалық "Лeниншіл жас" (бугінгі "Жас Алаш") газетінде істеп, 1965—1985 жылдары қазақ радиосында әдебиет редакциясын басқарады. Кейін қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, "Мектеп" баспасында жұмыс атқарады.

Алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық "Пионер" журналы мен "Қазақстан пионері" газетінде жарық көрді.

Он алты жыр кітаптарын шығарған. Өлендері орыс, украин, өзбек, молдован, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылған. Бірқатар бауырлас елдер ақындарының жырларын аударған.

Әдеби газет-журналдар мен бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Ақтоғай ауданының құрметті азаматы.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}