Қатты күйдегі су, мұз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қатты күйдегі су, мұз - H2O минералы. Түсі ақ, көгілдірлеу. Қаттылығы — 1,5. Нөл градустағы тығыздығы —0,9168 (г/см3), яғни осы температурадағы судың тығыздығынан 10% дерлік кем. Мұздың 1 атом қысымдағы балқу температурасы Цельсий шкаласынын бастапқы нүктесі 0°C ретінде алынған. Пайда болу жағдайларына, орнына және т.б. белгілеріне қарай қатты күйдегі су, мұз бірнеше түрге бөлінеді (өзендік, көлдік, теңіздік, желілік, қазіргі замандық, қазба және т.б.). Суды тоңазытумен байланысты жұмыстарда, мұз жолдарын жасағанда және тұрмыс пен техникадағы басқа да мақсаттар үшін қолданылады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі

ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығьшьщ лауреаты А.Қ.Қүсайьшов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1, ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub