Қатпарлы тектоникалық қозғалыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қатпарлы тектоникалық қозғалыстар – тау жынысы, яки жер қыртысы қабаттарының жаппай қатпарлануын қамтамасыз ететін тектоникалық қозғалыстар жиынтығы. <ref> Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4 </ref>

Әдетте геосинклинальдық облыстар өңірінен, яки ұзыннан-ұзақ созыла сағаланған құрылымдар аймағынан көрініс береді. Геосинклинальдық процесс кезінде түзіліп үлгерген тау жынысы қабаттарының жаппай иілімделе-қатпарлануы сол геосинклинальдық құрылым дамуының соңғы кезеңдерінде жүзеге асады деп есептелінеді.

Тау жыныстары қабаттарын қатпарлауда тангенциальды (жазық бағыттағы) және көлденең бағыттағы қозғалыстардың екеуі де айтарлықтай роль атқаратын болса керек.

Қатпарлы тектоникалық қозғалыстар деген сөз тіркесін тектоникалық қозғалыстар терминінің белгілі дәрежедегі синонимі деп түсінуге болады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}