Қасқақұлан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚасқақұланАрал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі бұрынғы арал. Теңіздің шығыс жағасындағы Жыңғылтүбек телімінен батысқа қарай 21 км жерде орналасқан. Аумағы 0,93 мың га. Арал «Үлкен тау» және «Кіші тау» деп аталатын екі қыр төбеден тұрады. Мұндағы байырғы шөгінділер олигоцендік құмдақ, мергель, аздаған әктастан түзілген. Аралдың солтүстік жағындағы жарқабақ мүжіліп, аласарған. Өсімдігінің басым көпшілігі жусан. Теңіз суы бар кезінде тау етегі мен теңіздің жағасында жыңғыл, ақтікен қалың өскен. Сиректеу сексеуіл болды. Бұрын Қасқақұланда балық ұжымшары, балық қабылдайтын және өңдейтін зауыт, орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, пошта бөлімшесі, аэродром болды. Қазір Қасқақұланда халық тұрмайды. Жағалауымен ұласып кеткен Қасқақұланда суы жылы, кермек татитын екі ұңғыма ғана қалды.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

2013 жылдың 22 тамызында кезінде Қасқақұланнан көшкен ауыл түлектері туған жерге ескерткіш қойды. Оның биіктігі - 6 метр шамасында. Ескерткішке үлкен әріптермен Қасқақұлан деп жазылған, ал төменгі жағына "Айдыны кеуіп, өскіні солған, айбыны кеміп, өксігім болған, туған жер" деген ақын Шынтемір Әмишаевтің өлең шумағы жазылған.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қасқақұлан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}