Қасым Шабанұлы Ахмиров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қасым Шабанұлы Ахмиров (1932, Ресей, Саратов облысы, Дергачев ауданы 1951) Кеңес Одағының Батыры (17.10.1943). Ұлты - татар. Батыс Қазақстан облысынан Қызыл Армия қатарына алынды. Воронеж, Орталық, т.б. майдандарда ұрысқа қатысып, жауынгерлік жорығын Берлинде аяқтады. 388-атқыштар полкінің взвод командирі А. Марково, Уросово, Колопежи үшін болған ұрыстарда әскери-ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Оның взводы 1943 ж. 4 қазанда Чумакиев хуторына басып кіріп, бетпе-бет айқаста дұшпанның 85 солдатын өлтірді. Осы ұрыста Ахмиров оққа ұшқан командирдің орнына ротаны басқарып, жау қоршауын бұзып шықты. Қызыл Ту, 1-дәрігерлік «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref> Ахмировке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.10.1943). 1945 жылдың қарашасында командалың (офицерлік) құрам біліктілігін жетілдіру курсын аяқтады. 1946 жылдың қыркүйегінде Ахмиров запасқа шықты. Ленин, Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub