Қасымхан Сейітханұлы Бегманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қасымхан Сейітханұлы Бегманов - (20.9.1958 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы) - ақын. Қазақ политехникалық институтын (казіргі ҚазҰТУ) бітірген (1980). 1980 - 82 жылдары Шымкент қаласындағы троллейбус паркінде мастер, эксплуатация бөлімінің бастығы, техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер, 1982 - 87 жылдары Шымкент облысы атқару кабинетінде жауапты қызметкер, 1987 - 98 жылдары Түркістан қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қалалық атқару комитетінің аға референті, Облысы балалар қоры бөлімшесінің төрағасы, "Жалын" журналының жауапты хатшысы, Қазақстан жазушылар одағы хатшысының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағы жанындағы әдебиетшілердін ассоциациясының бас директоры, Алматы қаласындағы Бостандық ауданы "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы, Қазақстан Үкіметі Премьер-министрінің кеңесінде бае маман, референт, аға референт, 1998 - 2000 ж. Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зертхана институты директорының орынбасары қызметтерін атқарган. 2000 жылдан "ТұранӘлемБанктің" баспасөз қызметінің жетекшісі. Тұңғыш жыр жинағы "Бастау" 1980 жылы жарық көрген. Бірқатар өлеңдері "Тоғыз перне" (1987), "Жүрек толқындары" жинақтарына енген. "Қарашық" (1990), "Бесіктен бейітке дейін" (1997), "Сағыныш" (2000), т.б. кітаптардың авторы. Өлеңдері орыс, түрік, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Қазақстан Жастар одағы сыйлық (1990), Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлық (2003) иегері.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}