Қаскелең асуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

Қаскелең - Іле Алатауындағы асу.

Географиялық орны

Алматы облысы Қарасай ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері

Биіктігі 3716 м. Іле Алатауының солтүстігіндегі Қаскелең өзенінің жоғарғы аңғарынан Қаскелең арқылы Шоң-Кемін өзенінің саласы Оңтүстік Қаскелеңнің бастауынан соқпақ жол өтеді. Асуда жыл бойы қар жатады. Тянь-Шаньды алғашқа зерттеуші П.П.Семенов-Тян-Шанский 1856 жылы осы асудан өткен.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер