Қарғалы ежелгі қала орны

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қарғалы — ежелгі қала орны. Жамбыл ауданы Фабричный кентінің орнында, Қарғалы өзенінің оң жақ жағалауында. Қарғалы түгел дерлік қираған. Ерте замаңда қаланы айнала қоршаған дуалдың үзік-үзік қалдығы сақталған. Дуалдың биіктігі 2-3 м. 1965-67 ж. Қазақстан Ғылым Академиясыныңның Жетісу археол. экспедициясы барлау жұмысын жүргізді (жетекшісі К. Ақышев). Барлау кезінде жер үстінен астық сақтайтын құмыралар, қыш ыдыстар және тас қол диірмендердің қалдықтары табылды. Бұлар — 1112 ғ-ларға тән заттар. Қарғалы халқы орта ғасырларда қол өнерімен, егін, мал шаруашылығымен шұғылданған. <ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub