Қаршығалық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаршығалық - ортағасырлық қала орны. Сырдарияның сол жақ жағалауында. 1969—70 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (жетекші К.Ақышев) зерттеген. Қазіргі орны тікбұрышты, ауданы 120x130 м.биіктігі 2 м қорғанының құландысы сақталған. Қақпасы солтүстік жағындағы бұрышта, кеңдігі 10 м. Қала айналдыра ені 10 м, терендігі 1 м ормен қоршалған. Қаланың ішінде құрылыс жүйесінің іздері байқалмайды. Солтүстік- шығыс қабырғаның орта тұсында 40 м жалпақ ұзынша келген төбе көрінеді. Сол сияқты оңтүстік- батыс жағындағы дуалдан 80 м, солтүстік-батыс жағындағы дуалынан 100 м кашықтықта бір төбешік жатыр. Шамасы өз кезіндегі тұрғын жайлардың орны болу керек. Ол айналдыра дуалмен қоршалған. Әрбір 50 метрден кейін мұнара жасалған. Осы арадан көптеген ас дайындайтын қыш ыдыстар табылған. Құмыралардың ыдыс жасайтын шеберханада жасалғандары байқалады. Олардың ауыздарының кеңдігі 30 см. Ыдыстардың ішінде керсендердің сынықтары көптеп кездеседі. Осылардан басқа түрлі ыдыстар мен бұйымдар (дастарқан, тағар, тостаған, т.б.) сынықтары жинастырылған. Алынған мәліметтерге қарағанда, Қаршығалықты халық 10—12 ғасырларда мекендеген. Олар Отырар төңірегіндегі елді мекендермен мәдени-экономикалық байланысқа түсіп отырған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қаршығалық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}