Қартбай Бекемұлы Бержанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қартбай Бекемұлы Бержанов ( 20 желтоқсан 1924жылы, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сайқұдық ауылында дүниеге келген - 23 ақпан 1975жылы, Алматы қаласында қайтыс болды) — ғалым, педагогика ғылымының докторы (1965 жылы), профессор (1967 жылы). Қазақ Педагогикалық Инститтутты (1947 жылы, қазіргі Қазақ Ұлтық Педагогика Университеті) және аспирантурасын (1950 жылы) бітірген. Осы институтта оқытушы, доцент (1947 — 55 жылдары),Алматы обкомында бөлім меңгерушісі (1955–57 жылдары), Қазақ Қыздар Педагогикалық институтының проректоры, кафедра меңгерушісі (1957–61 жылдары), ҚазПИ-де доцент (1961–67 жылдары), ҚазМУ-да (1967–75 жылдары, қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1965 жылы «Халық ағартудағы орыс-қазақ ынтымағы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап қазақ тілінде тұңғыш “Педагогика тарихы” оқулығын жазған. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы оқу-ағарту ісіне және кеңес дәуіріндегі (1917—41 жылдары) Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеген.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы", 2 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қартбай Бекемұлы Бержанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}