Қарнақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарнақ — орта ғасырдан белгілі қала орны. Түркістан қаласының солтүстік-батысына қарай 25 км жерде, қазіргі Атабай аулы ортасында 1974 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедедициясы (жетекші А.Н.Бернштам), 1986 ж. Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері жинағының экспедедициясы (жетек. К.Байпақов) зерттеген. Қазіргі орны төртбұрыштанып келген топырақ дуалмен қоршалған, іргелері: солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 100 м және солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа карай 150 м,биіктігі 1—1,5 м. ішкі солтүстік-шығыс бөлігінде биіктігі 6 м төбе түріндегі қамалдың пішіні байқалады, оның табанының көлемі 60x70 м, кіре беріс қақпасы оңтүстік-батыс іргесінің орта шенінде. Археологтар: Г.И.Пацевич, Е.И.Агеева Қарнақты Шагилджан, Ишкент аталды деп жорамалдайды (Ишкент орналасқан Қаратаудың бөктері 10 ғасырда қимақтардың мекені болған). А.Н.Бернштамның жүргізген зерттеуі Қарнақтың Әмір Темір әулеті тұсында (13— 15 ғасырлар) салынғанын анықтаған. Қарнақ — қазақ хандықтары дәуірінде (15—18 ғ-лар) маңызды рөл атқарған қалалардың бірі. Онда ежелден мыс, шойын қорыту, қорғасын балкыту, оқ- дәрі жасау кәсібі дамыған. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалған атақты Тайқазан 14 ғасырда Қарнақта құйылған. Ресей патшалығының Қазақ хандығына жіберген елшілері Ф.Скибин мен М.Трошин қазақтардың оқ- дәрілік қорғасынды Қарнақ қаласында балқытқанын атап көрсетеді. Қарнақта медресе болған. Медреселерде көптеген қазақ зиялылары оқыған. Солардың ішінде ақындар Шортанбай Қанаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Молда Мұса (Мұсабек) Байзақүлы, т.б. болған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қарнақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}