Қарменов баймырза

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қарменов Баймырза (1897, Жаңақала ауданы, 9-а. — 1935) — Қазақтың 1-үлгілі атты өскер полкінің командирі. 1916 жылға дейін жалшылықта болған. Баймырза 1918 жылы Азамат соғысына қатысты. 1919 жылы желтоқсанда Ордаға Анохин баңдалары шабуыл жасағанда қызыл партизандарды бастап, жалғыз оғы қалғанша ақтарға қарсы тұрды. 1921-22 жылы Жаңақалада қылмыстыларды іздесгіру агенті болды, бандалармен күресті. Азамат соғысынан кейін ол ауданда, округте милиция бастығы, т.б. жауапты қызметтер атқарған. 1932 жылдан бастап кеңшар, МТС директоры, аудандық жер бөлімінің бастығы. Өмірінің соңғы жылдарында Тасқала андағы «Нариман» ұжымшарында басқарма бастығы болып істеген. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub