Қармақшы Ата Мазары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қармақшы Ата Мазары– сәулет өнері ескерткіші. 14 – 15 ғасырда күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Қармақшы ауданының орталығынан 1 – 2 км қашықтықта. Жалпы жобасы шаршыланып келген (7,3х6,0х7,3 м), төбесі күмбезді. Қабырға қалауы мен күмбезінде өрнек жоқ. Іші-сырты әктелген. Орта ғасырлық мазар салу дәстүрінің бір белгісі – ескерткіш сыртының лайына аттың қылы қосылған. Мазарға алғаш назар аударған И.Кастанье оның күйдірілген қыштан тұрғызылғанын, Қармақшы атаны әулие тұтқан жергілікті халық күмбезді ақ матамен жабулап қоятынын, осы матаға әулиенің өмірбаяны жазылғанын айтқан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Ел аузындағы аңыз әңгімелерде Қармақшы ата шаһардың қорғаушысы болған, балық аулауды кәсіп еткен. Мазар арнайы зерттелмегендіктен [[И.Кастаньенің, т.б. ғалымдардың азды-көпті сипаттамасы ғана сақталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала