Қарматтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарматтар (Үлгі:Lang-ar — «әл-қарāмита») — шығу тегі исмаилизммен бір, «асыра сілтеуші» шииттердің өкілдері. IX ғасырда бұл сектаның мүшелері Аббасилер халифатын дүр сілкіндірген көтерілісті бастады.

Тарихы

Сурет:1100 AD Muslim World.png
Б.з. 1100 жылғы Ислам әлемі

Қарматтар қозғалысының негізін салушы — «Қармат» деген лақап атпен белгілі Хамдан ибн әл-Ашғас. Бұл атпен секта да аталып кетті. Қарматтардың діни тұжырымдары мен дін тарату үлгісі (дағуат) жалпылай келгенде исмаилиттердің ұстанымдарын қайталады. Қарматтардың пайда болу тарихы исмаилиттердің белсенді діни пропагандасының кезімен тікелей байланысты. Атақты исмаилизм уағыздаушысы Хусәйн әл-Ахуази Иракқа келіп, сол жерде Хамдан ибн әл-Ашғаспен (Қармат) танысады. Ол исмаилиттердің пікірлерін қабылдап, жаңа қозғалыстың көсеміне айналады. Хусәйн әл-Ахуази қайтыс болған соң, Хамдан-Қармат оның орнын басып, Куфа маңында өз жақтастарының базасын құрады. Осымен қатар ол халифаттың әр түкпіріне өз уағыздаушыларын жібереді, олардың ең танымалы Абдан — қарматтықтың идеологы болған. Қарматтардың басқа танымал уағыздаушылары — Зикрауәйһ ибн Михрауәйһ және 289 жылғы көтерілісті басқарған Әбул-Фауариз.

Исмаилиядан бөліну

Бастпқыда қарматтар шиизм-исмаилизмді уағыздап, Сәләмиядағы исмаилиттердің орталығынан нұсқаулар алып отырды. Кейбір мұсылман ғалымдар бұны Қарматтың исмаили уағызы Әли ибн Әбу Талибтың ұрпағының пайдасына емес, Абдуллаһ ибн Маймун әл-Қаддах деген біреудің пайдасына жүргізіліп жатқанын біліп қойғанымен байланыстырады.

Ішкі талас-тартыс

Үлгі:Толықтыру

Әдебиет

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Шииттер