Қарлығу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарлығу, дисфония (грек. dys және рһоnе — дыбыс, дауыс) — дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі.

Бұл — көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әр түрлі кеселдер. Мыс., қабыну, көмекей обыры, т.б. Қарлығу кезінде көмекейден дыбыс шығу қиындап, дыбыстың ырғағы бұзылады, дауыс бәсеңдеп, дірілдеп, сыбырлау дәрежесіне дейін жетуі мүмкін. Қарлығу ларингит сияқты көмекейдің қабыну кеселінде, дыбыс жалғамаларының ісініп, қалыңдауында, сол сияқты дыбыс жалғамалардың сөйлеу барысында толық ашылып жабылмауына байланысты болады. Дыбыс жалғамалары ісінуіне, домбығуына, зақымдалуына дәрі-дәрмектердің әсерінен туатын аллергиялық реакциялар да себеп болады.

Науқасқа мезгілінде сапалы ем қолданылса, Қарлығу тоқтап дыбыс та, дауыс та орнына келеді. Дыбыс жалғамаларын операциядан кейін тыртық басса немесе туберкулез, мерез, т.б. жұқпалы аурулармен ауырса, адам дауысында Қарлығу сақталып қалады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}