Қаржаубай Сартқожаұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
- 1947 жылы 22 наурызда Моңғолияның Баянөлғей өлкесінде дүниеге келген.
- 1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген.
- 1985—1988 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған.
- 1973—1975 жж. Баянөлғей аймағында N910 мектепте ұстаз
- 1975 — 1989 жж. Моңғолия ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері
- 1989—1995 жж. Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры
- 1995 — 1998 жж. Баянөлгей аймақтық мәслихат төрағасы
- 1995 — 1998 жж. Моңғолия ҒА Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры
- 2001 жылдан Еуразия ұлттық университетінің Эпиграфика және этнография лабораториясының меңгерушісі. Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. «Этнокультурный связь древно-тюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков», (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шықты. 80-ге жуық ғылыми мақалалары Москва, Ұланбатыр, Пекин, Стамбул, Лон-дон, Париж, Алматы, Астана қалаларында ғылыми басылымдарда жариялайды.
ҚР Премьер-Министрі орынбасарының Құрмет грамотасымен (2001), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref>
Дереккөздер
<references/>