Қара басу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біздің түсіндірме сөздігіміздегі мағынасы — албасты басты, Құдай ұрды, жолы болмады, оңбады. «Көшкенде қара басып, тарс есімнен шығып кеткен» (Ө. Қанахин, Жер бас.). Сырт көзге түркі тілдерінің сөзі әрі екі түбірдің тіркесінен туған сияқты. Осылай деп ойлағандықтан да болар «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» (1978) екі сөз есебінде бірінен бірі бөлек жазылған. «Түсіндірме сөздікте» мағынасын анықтаудың өзінде де тіркес құрып тұрған жеке сөздердің («қара» мен «бас») ұғымына жақындатушылық бар. Дәл осындай тіркес қырғыз тілі|нде де кездеседі: кара бас — жын басу мағынасында түсіндірілген (К. Юд. КРС, 1965).

Біздің жобалауымызша, тіркес қалпында қабылдап отырған бұл сөздің төркіні араб тілі және бір ғана сөз сияқты. Араб тілінде: ғаребасат—

  1. шырмалу, шатысу;
  2. шатақ, шытырман (Араб.-рус. сл., 1970).

Егер осы деректі дұрыс деп ұқсақ, «қара басу» сөзінің шын мағынасы — шырмалу, шатысу болмақ. Кім біледі, түркі тілдерінен араб тіліне ауысып, оларда сәл өзгеше мағына иеленуі де ғажап емес.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}