Қарақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарақ – Қызылқұм құмының Солтүстік бөлігіндегі төбе. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жаңақала ауылының Солтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан. Қуаңдария өзенінің аңғарында. Абсолюттік Биіктігі 144 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км шамасында. Беткейлері бірнеше ұсақ жонды қырқалардан тұрады. Солтүстігінде Төлеген, Балшықбұлақ артезиан бұлақтары, оңтүстігінде өзімен аттас қыстау орналасқан. Құмды, құмайтты сұр топырақ жамылғысында боз жусан, еркек шөп, баялыш, бұйырғын, қара сексеуіл, сарсазан, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.<ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}