Қарағаш қорықшасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қарағаш қорықшасы – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан кешенді қорықша.
1986 жылы ұйымдастырылған. Аумағы 68 км². Бұл алқапта қайың, көк терек, тал, долана, мойыл, шілік және қарағаш ағаштары өседі. Қараағаш қорықшасының жер бедері – аласа таулы алқап. Жалды-қырқалы жазықтар да кездеседі. Тау жоталарының арасындағы аласа жерлерде астық тұқымдас шөптесін өсімдіктерден бетеге, бидайық, селеу, еркек қоңырбас, жусан, құмсағыз, ши, ойдым-ойдым жерлерде жеміс-жидекті бұталар кездеседі. Топырағы қызғылт, қызғылт қоңыр, құм араласқан. Жануарлардан жабайы шошқа, елік, ақ бөкен, ал құстардан құр, ақ шіл, т.б. кездеседі.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>