Қарағанды қаласы құрметті азаматтарының кітабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қарағанды қаласы құрметті азаматтарының кітабы». Еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесінің 1967 жынғы 12 қазандағы шешімімен «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы ереже бекітілді, бұл атақ ғылым, мәдениет, қала шаруашылығы, халықка білім беру, денсаулық сақтау саласында қалаға сіңірген ерекше еңбегі үшін жұмысшыларға, инженер-техник қызметкерлерге, қызметшілерге, зейнеткерлерге; қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін өндіріс озаттарына; сондай-ақ облыс аймағына қонған ғарышкерлеріне берілді. Құрметті атақ қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің ұсынуы бойынша қалалық мәслихат депутаттары сессиясының шешімімен беріледі. Кітапқа енгізілген азаматтарға дипломдар мен ленталар табыс етіледі. 2005 жылдың қарсаңында кітапка 100-ге жуық адам енгізілді, олардың арасында қаланың тұңғыш дәрігерлерінің бірі Я. Ф. Алалыкин (1967), КСРО-ның Құрметті шахтері М. Рақышев (1967), ғарышкерлер Г. С. Шонин, В. Н. Кубасов, А. В. Филипченқо, В. И. Волков, В. В. Горбатқо, В. А. Шаталов, А. С. Елисеев (барлығы да 1969), В. И. Севастьянов, А. Г. Николаев (1970), Кеңес Одағының Батыры М. Мамраев (1971), Социалистік Еңбек Ері Ж. Рүстемов (1971), ғарышкер Н. Н. Рукавишников (1971), партия ардагері X. Әміров (1971), жазушы Г. Мұстафин (1972), ғарышкерлер В. Г. Лазарев, О. Г. Мақаров (1973), облыста денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылардың бірі П. М. Поспелов (1973), «Қарағанды тұрғын үй құрылысы» тресінің сылақшылар бригадирі А. В. Катаржнов (1974), Социалистік Еңбек Ерлері С. П. Рудометкин, Б. Нұрмағамбетов (1977). Даңқ орденінің толық иегері И. А. Қарабанов (1979), Социалистік Еңбек Ері В. И. Язев (1979), ҚазКСР-інің халық артисі Ж. Н. Шашкина (1985), қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров (1991), Даңқ орденінің толық иегерлері Н. Покатилов, М. Сүлейменов (1994), мүсінші А. Билық (1999), ғалымдар Ғ. Құлқыбаев, 3. Молдахметов (2001) т. б.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}