Қарағанды пролетариаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қарағанды пролетариаты», газет. Қазақстан К (б) П-нің қалалық комитеті мен еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесінің органы. Латын әрпімен басылып тұрды. 1-саны 1931 ж. 4қазанда шықғы. Жаңа шахталарды салу мен ескі шахталарды калпына келтірудің барысын, еліміздің 3-көмір базасын жасау жөніндегі БК (б) П ОК-нің қаулысын орындау жөніндегі қалалық партия ұйымының жұмысын көрсетті, кеншілерді екпінді еңбекке, техниканы жетік меңгеруге, кәсіптік дағдылар мен іскерліктерді игеруге жұмылдырды. Жұмысшы табының ұлттық кадрларын дайындау, еңбек өнімділігін арттыру жолындағы екпінділер қозғалысы жайындағы мәліметтер жарық көріп тұрды 1937 ж. таралымы 3775 данаға жетті. «Қарағанды пролетариаты» деген атпен 392 саны жарық көрді. 1938 ж. 18 қаңтардан «Советтік Қарағанды» болып аталды. 1963 жылдан «Орталық Қазақстан» деген атпен шығады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}