Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық аудандастырылуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық аудандастырылуы. Еліміздің 3-көмір базасының құрылуына, бай табиғат ресурстарын игеру негізінде аймақтық өндіргіш күштерінің шапшаң дамуына байланысты Орталық Қазақстан жерін әкімшілік-шаруашылық тұрғыдан ұйымдастыру кажеттігі туды. 1932 ж. 10 наурызда құрылған, орталығы Петропавлда болған Қарағанды облысы БОАҚ Президиумының 1936 ж. 29 шілдедегі қаулысымен екі облысқа: Солтүстік Қазақстан (орталығы Петропавл) және Қарағанды облыстарына (орталығы Қарағанды) бөлінді. Осы қаулымен Қарқаралы округі (1934 ж. 4 шілдеде құрылған) жойылып, оның аудандары жаңа Қарағанды облысының құрамына енді. Облыста 14 қаудан болды: бұрынғы Қарағанды облысының Ақмола, Вишнев, Қорғалжын, Новочеркасск, Нұра, Тельман, Еркіншілік аудандары; Қарқаралы округінің Баянауыл, Жаңаарка, Қарқаралы, Қоңырат, Қу және Шет аудандары және Оңтүстік Қазақстан облысының Қарсақбай (1940 жылдан Жезқазған) ауданы. ҚазКСР ОАҚ Президиумының 1938 ж. 14 ақпандағы каулысымен Ворошилов (1961 жылдан Ульянов) ауданы құрылды, ал Баянауыл ауданы Павлодар облысының құрамына берілді. 1939 ж. Ақмола облысының құрылуына байланысты оның құрамына Ақмола қаласы және 4 аудан (Ақмола, Вишнев, Новочеркасск, Еркіншілік), 1941 ж. желтоқсанда Қорғалжын ауданы берілді. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 ж. 16 қазандағы Жарлығымен Ұлытау, 1940 ж. 28 желтоқсандағы Указымен Осакаров аудандары құрылды. 1957 ж. құрамында Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары бар Қарағанды экономикалық-әкімшілік ауданы (1965 жылға дейін) құрылды. 1961 ж. Ақмола және Павлодар облыстары тың өлкесінің құрамына берілді. 1963 ж. каңтарда 6 аудан: Жезқазған, Қоңырат, Қу, Ульянов, Үлытау және Шет ауданыдары таратылып, Ақшатау өнеркәсіпті және 7 ауылдық аудан: Ақтоғай, Жезді, Жаңаарка, Қарқаралы, Нұра, Осакаровка, Тельман ауданыдары құрылды. ҚазКСР Жоғ. Кеңесі Президиумыиың 1964 ж. 31 желтоксандағы Жарлығымен бұл аудандар жойылып, 10 ауылдық-әкімшілік аудан: Ақтоғай, Жезді, Жа- ңаарка, Қарқаралы, Нүра, Осакаров, Тельман, Егіндібұлақ, Ульянов, Шет ауданыдары құрылды. 1972 ж. облыс картасында жаңа әкімш. бірліктер: Молодежный және Жезқазған ауданыдары пайда болды. Социалистік құрылыс барысында өндірістік құрылым күрделене түсті, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына мамандандырылған 2 аумақтык аймақбөлініп, мұныңезі жергілікті жердегі жоспарлау ісін жетілдіруді батыл талап етті. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Презвдиумының 1973 ж. 10 наурыздағы Жарлығымен Қарағанды облысының құрамынан Жезқазған облысы бөлініп шығып, оның күрамына 5 аудан: Ақтоғай, Жезді, Жезқазған, Жаңаарка, Шет және 3 қала: Балқаш, Жезқазған, Қаражал берілді. 1973 ж. Мичурин, ал 1977 ж. Талды ауданыдары құрылды. 1985 ж. облыс күрамына Целиноград облысынан Теңіз ауданы берілді. 1988 ж.Теңіз ауданының 4 ауылдық Кеңесі Нұра ауданына беріліп, аумағы Целиноград облыстарына кайтарылды. Сол жылы Талды ауданы таратылып, Егінді бұлақ ауданына қосылған Доғалаң ауылдық Кеңесінің (кейін Семей облысына қарады) баска жері тұтасымен Қарқаралы ауданына қаратылды. Екі жылдан кейін Теңіз ауданы қалпына келтірілді. Тәуелсіздік жылдары басқаруды оңтайландыру мақсатында ҚР Президентінің 1997 ж. 3 мамырдағы Жарлығымен Жезқазған облысы таратылып, Қарағанды облысына кайтадан қосыяды, ал сол жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен Ақадыр, Жезді, Қазыбек би (бұрынғы Егіндібұлақ), Молодежный, Тельман, Теңіз, Тоқырауын аудандары таратылды. Мичурин ауданы Абай қаласына қосылып, Абай ауданы, бұрынғы Ульянов ауданы Бұқар жырау деп аталатын болды. Қазір Қарағанды облысының құрамына 9 селолық аудан, облыстык бағыныстағы 9 қала, 39 кент, 7 селолық және ауылдық округ кіреді (2006).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}