Қарағанды-Мәскеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарағанды-Мәскеу, 1935 ж. өткізілген велосипед жарысы. 8 өндірістік екпінді спортшылар қатынасты. Жарыс 30.7.1935 ж. көміршілердің орталық клубының жанынан басталып, ҚарағандыАқмолаПетропавлЧелябинскМагнитогорскУфаУльяновскРязаньМәскеу маршруты бойынша жүріп өтті. Осы жолда жарыска катысушылар жұмысшы ұжымдарының спортшы қауымдарымен кездесті, баспасөз жарыс барысы жайында, еліміздің 3-көмір базасына арналған Қарағандының жетістіктері жайында материалдар жариялап тұрды. Велосипед жарысына катысушылар 29.9.1935 ж. Мәскеуге келіп жетті. Көп күндік жол жүріп өткен Қазақстан велосипедшілерін Мәскеу кәсіпорындарының, спорт және шығармашылық ұйымдардың өкілдері карсы алды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}